Tesla автоөндірушісі Илон Маск компаниядағы алда болатын қысқартулар туралы ақпараттың жарияланып кетуіне байланысты жұма күні 16,9 миллиард долларынан айырылды.
"SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Tesla-дағы қызметкерлерді 10%-ға қысқарту туралы бұйрығы тарағаннан кейін бір күнде 16,9 млрд доллар жоғалтты және оның автомобиль өндірушісінің акциялары 9,2%-ға төмендеді", -деп жазды Forbes журналы.