$ 444.32  473.33  4.76

Футболдан ӘЧ-2022: Сауд Арабиясы Аргентинаны ұтып кетіп, алғашқы сенсация тіркелді

Араб футболшылары өз тарихында тұңғыш рет Аргентинаны жеңді.
Сурет: vk/world_cup_2022_football
Сурет: vk/world_cup_2022_football

Футболдан Аргентина құрамасы 2022 жылы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында сенсациялық түрде жеңіліске ұшырады. Мундиалдың басты фавориті Сауд Арабиясы командасына есе жіберіп, 1:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

С тобының алғашқы матчында барлық болжам бойынша Аргентина құрамасы сөзсіз жеңіске жетуі тиіс болған. Бұл болжам ойынның алғашқы сәтінен-ақ мүмкін екенін айқындағандай да еді. Кездесудің 10-шы минутында капитан әрі оңтүстік америкалық көшбасшы Лионель пенальтиді сәтті орындап, есеп 1: 0 болды.

Аргентиналықтар тағы екі рет гол соқты, бірақ олар офсайдтан соғылған болып шықты. Месси 4 әлем чемпионатына қатысып, гол соққан алғашқы аргентиналық ретінде аталды. Ол бұрын 2006, 2014 және 2018 жылдары мундиалдарда ерекше көзге түскен футболшы. Қазір оның активінде әлем чемпионаттарында соғылған жеті гол бар.

Кездесудің екінші таймының алғашқы 8-ші минуты мүлдем қарама-қайшы жайтқа ұласты. Сауд Арабиясының командасы осы уақыт аралығында есепті теңестіріп қана қоймай, суырылып алға шықты. Осылайша, олар қарсыластарын састырып қана қоймай, бүкіл футбол әлемін таң қалдырды. Салех әл-Шехри есепті теңестірсе, ал Салем әл-Даусаридің әдемі соққан голы саудиттерді алға шығарды.

Месси мен оның әріптестері барлық күш-жігерін салып, жағдайды қанша өзгертуге тырысқанымен, одан ешқандай нәтиже болмады.

Осылайша Сауд Арабиясы 2:1 есебімен Аргентина құрамасын ұтып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары