$ 447.4  477.55  4.76

Германия Украинадан ағылған босқындарды орналастыратын орын таппай жатыр

Соңғы дерек бойынша, соғыс басталғалы бері Украинадан бір миллион адам Германияда бас сауғалаған.

Украиналық босқындардың көптігінен Германия мектептерінде сабақ өту қиындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BBC-дің хабарлауынша, билік босқындарды шатырлар мен мектептің спорт залдарына орналастыруға мәжбүр.

Соңғы дерек бойынша, соғыс басталғалы бері Украинадан бір миллион адам Германияда бас сауғалаған. Берлиннің шетіндегі ескі аэродром ғимараты бүгінде мыңға жуық адамның тұрақты мекеніне айналыпты.

Германия билігі тағы ондаған мың адам келеді деп болжап отыр. Өйткені Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасауды тоқтатқан жоқ. Қыс та қыса бастады. Демек, Украина босқындарын орналастыру мәселесі қиындай түсуі мүмкін.

Берлинде бұрынғы Тегель әуежайының терминалында орналасқан босқындарды қабылдау орталығы бар. Онда күн сайын 100-ге жуық украин азаматы келеді. Орталықта бірнеше түнге жететін тамақ, медициналық көмек және ұйықтайтын орындар бар. Бірақ келген адамдардың көбі осында ұзақ уақыт қалуға тырысады. Өйткені баспана табу да, оны жалдау да нарықта өте қиын.

«Барлығы босқындарға қамқорлық жасау үшін ұйымдастырылған. Кейде олар өздерін ретке келтіргенше мұнда екі-үш апта тұруы мүмкін», - дейді босқындар орталығының менеджері Клео Тюммлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары