Кабулдағы ойын-сауық саябағы енді балалар мен ерлер үшін ғана ашық болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елді билеуші «Талибан» қозғалысының қатаң шектеулеріне байланысты әйелдерге бұдан былай Кабулдағы саябақтарға баруға рұқсат етілмейді. Жақында әйелдерге ел астанасындағы бассейндер мен спорт залдарға баруға тыйым салынды. Бұл ережелер бүкіл ел аумағында қолданылмақ.
«Тәліптердің қазіргі саясаты 20 жыл бұрынғыдай. Біз оларға бұл ХХІ ғасырда қолайсыз екенін жеткізуге тырысамыз», - дейді белсенді Лайла Басим.