03.12.2022, 10:20

ӘЧ 2022: 1/8 финалға жолдама алған командалар белгілі болды

Бразилия (G) және Португалия (H) командалары өз топтарынан ерте шықты.

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1/8 финалға шыққан барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz. Плей-офф кезеңіне өткен соңғы командалар сәйкесінше G және H – Швейцария мен Оңтүстік Корея квартеттерінің өкілдері болды. Бразилия (G) және Португалия (H) командалары өз топтарынан ерте шықты. Бразилия 1/8 финалда 6 желтоқсанға қараған түні Оңтүстік Кореямен, ал 7-не қараған түні Португалия Швейцариямен күш сынасады. 1/8 финалдағы Нидерланды мен АҚШ, сондай-ақ Аргентина мен Австралия арасындағы алғашқы матчтар бүгін, 3 желтоқсаннан 4-іне қараған түні өтеді. 1/8 финалдың толық құрамы төмендегідей: Нидерланды - АҚШ Аргентина - Австралия Франция - Польша Англия - Сенегал Жапония - Хорватия Бразилия - Оңтүстік Корея Марокко - Испания Португалия -Швейцария.