$ 447.4  477.55  4.76

ӘЧ 2022: 1/8 финалға жолдама алған командалар белгілі болды

Бразилия (G) және Португалия (H) командалары өз топтарынан ерте шықты.

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1/8 финалға шыққан барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Плей-офф кезеңіне өткен соңғы командалар сәйкесінше G және H – Швейцария мен Оңтүстік Корея квартеттерінің өкілдері болды. Бразилия (G) және Португалия (H) командалары өз топтарынан ерте шықты.
Бразилия 1/8 финалда 6 желтоқсанға қараған түні Оңтүстік Кореямен, ал 7-не қараған түні Португалия Швейцариямен күш сынасады.
1/8 финалдағы Нидерланды мен АҚШ, сондай-ақ Аргентина мен Австралия арасындағы алғашқы матчтар бүгін, 3 желтоқсаннан 4-іне қараған түні өтеді.
1/8 финалдың толық құрамы төмендегідей:
Нидерланды - АҚШ
Аргентина - Австралия
Франция - Польша
Англия - Сенегал
Жапония - Хорватия
Бразилия - Оңтүстік Корея
Марокко - Испания
Португалия -Швейцария.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары