Орта салмақта WBC ұйымының «уақытша» чемпионы Карлос Адамес дивизион мықтыларына турнир ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
«Орта салмақ боксшылары бұрынан бері эпикалық болды. Мен сол дәуірді қайтарғым келеді», – деп жазды ол Twitter желісінде.
Осыдан кейін Адамес өзге чемпиондар Геннадий Головкин (WBA Super, IBF, IBO), Жәнібек Әлімханұлы (WBO), Джермалл Чарло (WBС), Эрисланди Лара (WBA Regular) мен WBO рейтингінде бірінші тұрған Хайме Мунгияға ұсыныс жасады.
«Орта салмақта тарихи турнир ұйымдастырайық, оның жалғастыру жауапкершілігі біздің мойнымызда. Мен ең мықтымын және оны паш етемін. Телевизия, платформа, промоутерлер алдында ақталудың қажеті жоқ, жұдырықтасқысы келген боксшы амалын табады», – деді Карлос.