$ 495.2  522.34  4.94

Қырғызстанда жер сілкінді

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қырғызстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘЭ" сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Ұйым мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:24-те тіркелген.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары