$ 498.34  519.72  4.85

ҚР БҒМ "Алтын белгіні" оңды-солды таратқан мектеп басшыларын жазаламақшы

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық біріңғай тестілеуде төмен балл жинаған "Алтын белгі" иелері оқыған мектептерді тексеретін болды. Тексеру нәтижесі түлектер үшін еш әсерін тигізбейді. Дегенмен, "Алтын белгіні" оңды-солды үлестірген мектеп басшылары міндетті түрде жазаланатын болады.

Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басшысы Гүлзат Көбенова мәлімдеді. Оның айтуынша, "Алтын белгі" иелері мемлекеттік гранттан қағылмайды.

Қазіргі таңда министрлік өкілдері мемлекеттік гранттарды ҰБТ нәтижесі және ауылдық квота, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, мүгедек балалар арасында бөлу туралы заң жобасын қайта қарастырып жатыр. Ал, "Алтын белгі" иелеріне ешқандай жеңілдіктер мен басымдық берілмейтін болады дейді олар.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде адами фактор мүлдем әсер етпеген.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын мемлекеттік гранттарды бөлудің нәтижесіне көңілдері толмаған ата-аналар мен балалар Білім және ғылым министрлігінің алдына келіп, наразылықтарын білдірген болатын. Мұнан кейін министр Ерлан Сағадиев гранттарды қайта бөлуге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары