29.03.2019, 05:23

Ақорда сайтында Тоқаевтың ажырасқаны жайлы ақпарат жарияланды

Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны жарияланды. Онда президент ажырасқаны және Тимур есімді  бір ұлы бар екені жазылған. 

Мәтінде президенттің Алматы қаласында дүниеге келгенінен бастап, ата-анасы жайлы ақпараттар да бар. 

«Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы. Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған. Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Ажырасқан. Ұлы – Тимур Қасым-Жомартұлы Тоқаев», - деп жазылған өмірбаянның соңғы азат жолдарында. 

Айта кетейік, бұған дейінгі ашық дереккөздерде Тоқаевтың әйелі 1957 жылғы Надежда Давыдовна Тоқаева екені көрсетілетін.