29.10.2026, 15:20

Елена Рыбакина Токиода Юлия Путинцеваны жеңіп, ширек финалға шықты

Фото: ҚТФ

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында кездесті. Бұл жолы әлемдік рейтингтің көшбасшысы Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Рыбакина кездесуді сенімді бастап, алғашқы сетте қарсыласына небәрі екі гейм берді. Екінші партияда да басымдығын сақтап, келесі кезеңге жолдама алды.

Осы жеңістен кейін теннисшілер арасындағы өзара кездесулер есебі 3:2 болып, Рыбакинаның пайдасына өзгерді. Бұған дейін олар төрт рет кездесіп, әрқайсысы екі жеңістен еншілеген еді.

Енді қазақстандық теннисші ширек финалда канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды. Ол екінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті 6:2, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.

Айта кетейік, Рыбакина мен Фернандес 25 қазанда Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында кездескен. Сол жолы қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды.

Токиодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1 206 446 долларды құрайды. Чемпион 185 500 доллар мен рейтингке 500 ұпай алады.