$ 448.15  483.46  4.86

СҚО-да ішінде 11 бала бар микроавтобус өртке оранды

СҚО-да полицейлер өртке оранған микроавтобустың ішінде болған 11 баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні сағат 17:10-да Солтүстік Қазақстан облысындағы Рощинское аулының маңында орын алған. «ГАЗель» жолаушылар микроавтобусы өртке оранған. 

Балалар Петропавлдан Тайынша аудан орталығына бара жатқан. Жүргізуші көліктің моторлы бөлігінен түтін шығып жатқанын көріп, тоқтаған.

Мироавтобустың соңынан полиция департаментінің экипажы аға лейтенант Жігер Балтабай мен аға сержант Батырхан Молдажанов қызметтік көлігімен еріп жүрген екен.  

Олар бірден балаларды микроавтобустан эвакуациялаған. Сонымен қатар өрт сөндірушілерді шақырып, өздері өрт сөндіргіш құралдың көмегімен жалынды сөндіруге кіріскен. 

Алайда желдің салдарынан көлік қатты жалындап, полицейлер мен жүргізушілер өртеніп жатқан микроавтобусты жолдан әрі қарай итеріп тастапты.

Хабарланғандай, полицейлер Рлщинское аулына эвакуацияланған балаларды басқа көлікпен үйлеріне жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары