06.07.2016, 17:10

Айбек Қалиев: "Асағанға тоймаған бұл үкімет, жалағанға тоя ма бағы жанып?!" (ВИДЕО)

Бүгін Астанада қала күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған "Бағаналы ордам, басты ордам" атты ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Осынау жыр кешінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген Арқа ақыны Айбек Қалиевтің жер проблемасы туралы айтқан шумақтары бүгінде қазақ қоғамында қызу талқыланып жатыр.

Айтыскер ақын өз сөзінде жер саудасына қойылған мораториге күмәнмен қарайтынын, жер комиссиясының өзі аталған проблеманы шешуі екіталай екенін айтып салды.