$ 442.05  474.14  4.74

Н.Назарбаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты В.Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұшағының Сочи қаласы маңында апатқа ұшырауы салдарынан Ресей азаматтарының қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Ресей халқына көңіл айтты.

Айта кетейік, бүгін таңертең ресейлік Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлап, бортта болған 92 адамның бәрі қайтыс болған еді. Жолаушылардың дені Александров театрының әртістері. Олар Сирияның Хмеймим аэродромында жаңажылдық концерт қоюға бара жатқан. Ұшақта сондай-ақ, бірнеше журналист пен телеарна қызметкерлерінің болғаны расталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары