$ 494.87  520.65  4.91

Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілмейтін болды

Астананың атауы жақын уақытта өзгермейді. Бүгін Конституцияға енгізілген өзгерістерді қабылдаған Парламент депутаттары осылай шешіпті. Есте болса, өткен аптада сенатор Дархан Қалетаев пен тағы бірнеше депутат Астананы Елбасының атымен атауды және оны Конституциямен бекітуді ұсынған болатын.

Бүгінгі Парламент отырысынан кейін белгілі болғаны, жаңартылған Ата заңда елорда атауын өзгертуге қатысты түзетулер жоқ.

"Бізге Астананың атауын  өзгерту туралы депутаттар тарабынан жазбаша өтініш түскен жоқ ", - деді Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіров тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Астананың атауын өзгерту бастамасын былтыр Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов көтерген болатын. Алайда, оның бұл бастамасын қоғам күлкіге айналдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары