17 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар отандық журналистердің басын қосып, ауқымды сұхбат берген болатын. Хабар-24 телеарнасы аталған кездесудің толық нұсқасын жариялады.
Сұхбат барысында Елбасы Қазақстанда жүзеге асып жатқан реформалар мен Конституцияға енгізілген өгерістер жайында, жемқорлық бойынша істі болған ірі шененуніктер жайында, сенімді кадрлардың сатқындығы жайында, қазақ тілінің болашағы жайында сөз қозғап, өзінің билікте ұзақ жыл бойы отыруына қатысты сұраққа да жауап берді.
Елбасымен кездесуге «Хабар», «Қазақстан», «МИР» телеарналарының тілшілері мен «Айқын» газеті, «Қазақпарат» агенттігі және «Эсквайр» журналының журналистері қатысты.