$ 494.87  520.65  4.91

Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілі мен кирилл алфавитінен бас тартпайтынын айтты

Шымкентте жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалының ғимаратында болып, диаспора өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өзге тақырыптармен бірге қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі де көтерілді.

Бұл мәселені қаладағы №23 мектептің мұғалімі Анна Барышева көтерген болатын. Ол Қазақстан мектептерінде латын әліпбиіне өту қиындық туғыза қоймаытынын айтып отыр. Өйткені, балалар қазір 1-сыныптан бастап үш тілді меңгере алатын деңгейде дейді ол. Барышеваның өзі болса қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады.

Назарбаев болса латынға көшіп, кирилл әліпбиінен Қазақстанның бас тартпайтынын айтты.

"Латынға көшу - заман талабы. Менің еңбекқор мемлекет туралы айтқаным - еңбекқор халық туралы айтқаным. Ағылшын тілін білуіміз керек, өйткені, технологияның бәрі сол тілде сөйлейді. Мен түрлі қауіптердің бар екенін естіп жүрмін. Бірақ, біз кирилл әліпбиінен мүлдем бас тартқалы жатқанымыз жоқ. Біз орыс тілі мен орыс мәдениетін ешқашан ұмытпаймыз.Орыс тілі арқылы біз әлем мәдениетін оқыдық, сондықтан ол бізбен бірге болады. Біздің көрші үнемі бізбен бірге және біз онымен үнемі достық қатынастамыз", - деді Н.Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары