$ 498.34  519.72  4.85

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары