Билік 01.11.2017 сағат 08:49  806

Ғабиболла Әбдірахымовты ОҚО әкімі Астанаға «Алғыс хатпен» шығарып салды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған Ғабиболла Әбдірахымовты қабылдап, абыроймен атқарған қызметі үшін жылы лебізін білдірді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аймақ басшысы бар күш-жігерін, қаланың экономикасын дамытуға арнап, білікті ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Ғабидолла Рахматұллаұлына облыс әкімдігінің атынан алғыс айтып, жаңа қызметтегі еңбегіне сәттілік тіледі.

«Өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаласы Елбасының назарында болып, оның дамуына әрдайым көңіл аударып келеді. Мемлекет басшысының міндеттеген тапсырмаларын орындауда талмай еңбек еттіңіз. Үш есеге ұлғайған қала аумағын абаттандыру, орталыққа қосылған елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын»,-деген облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы Алғыс хат тапсырды.

Ал, Ғабидолла Әбдірахымов өзіне үнемі қолдау көрсеткен облыс әкімі Ж.Түймебавпен өзге де әріптестеріне ыстық ықыласын жеткізді. Сондай-ақ, еліне және туған жеріне әлі де аянбай еңбек ететінін айтты.

Айта кетейік, кеше Ғабидолла Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар