$ 498.34  519.72  4.85

Дәурен Абаев билікті орынды сынағандардың қудаланбайтынын айтты

Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев Қазақстанда сөз бостандығы бар екенін айтып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты әзірленген жаңа заң туралы түсініктеме берген министр билікті жөнімен сынағандардың қудаланбайтынын да айтты.

Еске салсақ, өткен аптада Мәжіліс БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобаны мақұлдады. Онда адамдардың интернетте жасырын пікір қалдыруын тыятын норма бар. Енді өз көзқарасыңды білдіру үшін электронды кілттегі жеке мәліметті тіркеу немесе өз телефон нөміріңнен смс хат жіберу керек. Жасырын пікірдің артыңда кім тұрғаны белгілі болса, сынға да орын бар. Ал егер шенеуніктің жеке басына тиісіп, ұлтаралық қатынасты ушықтыратындар заң алдында жауап береді. Сондай-ақ, жақын арада мемлекеттік қызметкерлер смартфондарымен қайта қауышуы мүмкін. Ақпарат министрлігінің техникалық мамандары мемлекеттік мекемелердегі ақпарат қауіпсіздігін сақтай отырып, гаджеттерді қайтарудың жолын іздестіріп жатыр екен. Бірақ нақты мерзім белгісіз.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

- Қудалау болмайтынына кепіл бере аламын. Сіздер Қазақстанда сөз бостандығы бар ма, жоқ па деген сұраққа әкеп тірей бересіздер. Мысалы қазір маған қалаған сұрағыңызды қойып тұрсыз, басқа да министрлерге еркін барып сұрақ қоя аласыз. Содан қысым көріп жатсыз ба? Сауалды, не сынды біреудің жеке басына, арына тимей жазсаңыз мархабат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары