Тәуелсіздік күні құрметіне орай мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев резиденцияда қалталы азаматтарға қарата пікір айты.
Бұл сөзді ол 1980 жылғы Олимпиада чемпионы, балуан Жақсылық Үшкемпіровті «Еңбек Ері» орденімен марапаттау сәтінде мәлімдеді.
«Тәуелсіздік жылдарында біраз азаматтар қалталы болды. Сол үшін мен қызмет істеп жүрмін. Енді тапқанның біразын елге берсеңдерші мен сияқты. Жас отбасыларға 50 пәтер, балабақша, спорт комплексін салдым 200 орынды», – деді елбасы.
Назарбаев сондай-ақ Үшкемпіровтың ет саудасымен айналысатынан да хабардар болып шықты. Олимпада чемпионы болса, президенттің бұл сөзінен кейін біраз абдырап, соңында «иә, бәрі жетеді. Бәрін бөліп беремін» деп құтылды.