$ 474.72  515.17  5.58

Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласының тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды деп мәлімдейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қалалық мәслихаттың шешімімен шаһар басшысы болып Әділбек Дауылбаев тағайындалды.

Әділбек Құлынтайұлы бұған дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарған.

«Маңғыстау халқына мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман ретінде белгілі. Сондықтан бұл міндетті де абыроймен атқаратынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ал, Жаңаөзен қаласының бұрыңғы әкімі Елубай Әбілов денсаулығына байланысты өз еркімен лауазымын босатты.

 Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы 1964 жылы Маңғыстау облысы, Таушық ауылында туған.

 1988 жылы Алматы қаласының құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 жылы М.Тынышбаев атындағы Казақ Көлік және коммуникация академиясын бітірген. Біліктілігі – инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1981 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе селосында Маңғыстау тұрғын-үй пайдалану басқармасының жұмысшысы болып бастаған.

1991-1993 жылдары Маңғыстау тұрғын-үй пайдалану басқармасының маманы.

1994-2000 жылдары Маңғыстау ауданы Шетпе селосындағы «Маңғыстау мұнай жолдары» ЖШС-нің прорабы, Ақтау қаласы.

2000-2001 жылдары ЖШС «Жолсервис» құрылыс учаскісінің шебері. Жаңаөзен қаласы.

2001-2002 жылдары  –  Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының директорының орынбасары.  

2002-2004 ж. Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары