$ 444.22  476.38  4.82

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын» басқаратын болды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты мәлімдеп отыр.

Жаңа басшыны ұжымға Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың өзі таныстырды. Ол Ахметжан Есімовтің Қазақстанның дамуына сіңірген еңбегін, кәсібилігін ескере отырып, мемлекеттік маңызы бар жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып келгенін айтты. Ол қысқа ғана уақыттың ішінде "ЭКСПО-2017" көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.  

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары