Билік 25.12.2017 сағат 08:59

Назарбаев Фурманов көшесіне өз атының берілуіне қатысты пікірін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Фурманов көшесіне өз атының берілуіне қатысты пікірін айтты деп жазады Ақорда.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Назарбаевқа тастан жасалған ескерткіштің керегі жоқтығы жайлы біреу маған хат жазды. Мен онымен толықтай келісемін. Мұның барлығы әбігерлік", – деді Президент.

"Мен мұндайға үнемі қарсы болатынмын. Тек университетке келістім. Оған барлығы қолдау көрсетуі үшін – үкімет те, ел де. Ол үлгі бола аларлық алда келе жатқан оқу орны.

Ал қалғанның барлығы – жергілікті биліктегілердің шешімі. Әрине, мен бұйрық беріп, осыған тыйым сала аламын. Қазіргі уақытта менің барлық қазақстандыққа айтарым: мұны жасаудың қажеті жоқ! Керек емес! Тарихта өз істерімен есте қалу керек", – деді Мемлекет басшысы.

"Ал ескерткіштермен не болатынын барлығымыз да білеміз. Дегенмен Алматы мен үшін туған қала. Барлығы үшін рақмет. Бірақ мұны істеудің қажеті жоқ", – деді Назарбаев.

 Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы бүгін, 25 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 21:30-да республикалық арналардың эфирінен көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар