$ 498.34  519.72  4.85

Назарбаевтың шақыруымен қырғыз президенті Қазақстанға келмек

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 25-26 желтоқсанда ресми сапармен Қазақстанға келеді деп мәлімдеді ҚР басшысы аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева.

Бұған дейін Назарбаев пен Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін қарап шыққан болатын. 

"Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 25-26 желтоқсанда Қырғызстан президенті Қазақстанға ресми сапармен барады. Шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтеді, тараптар екіжақты ынтымақтастық пен ЕАЭО аясында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ премьер-министрмен кездесу өтеді", — деді Субакожоева.

Оның айтуынша, алдағы келіссөздер "Жол картасын" іске асыруға серпін бермек.

"Қырғыз тарапы тең құқықтық, өзара тиімділік және құрмет негізінде достық қарым-қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі", – деді Субакожоева.

Бөлім басшысы мемлекеттік шекараны кесіп өту режимі мен демаркациялау туралы құжаттарға, бірлескен мәлімдемеге қол қою жоспарланып отырғанын атап өтті. 

Қырғызстанда қазан айының ортасында өткен президент сайлауында Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен еді. Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаев президент болған кезінде Қазақстан басшылығын елдің сайлау науқанына араласты деп айыптаған болатын. Қазақстан "сұр" импортпен күрес мақсатында Қырғызстанмен шекарада бақылауды біраз уақытқа күшейтті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары