$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаев Украинада жүргенде ана тілін ұмытып қалғанын еске алды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бір кездері қазақ тілін ұмытып қалып, қалай қайта меңгергенін айтып берді деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы республикалық арналардан көрсетілді. 

"Мен Украинаға кетіп қалдым, сосын Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа ауыстым, яғни 20 жыл бойы толықтай орыс тілді ортада болып, тілді ұмытып қалдым. Қарағандыдан Алма-Атаға 1980 жылы Орталық комитет хатшысы болып келдім, мұнда сөйлеуім керек. Әрине, тілді бірінші сыныптан бастап білемін, маған "Социалистік Қазақстан" оқы" деп кеңес берді. Қиын болды, оқыдым, "тілім сынды". Адамның мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге қандай дайындықпен келетініне байланысты, мемлекеттік тілді білуге тура келеді. Бізде мемлекеттік қызмет қана емес, басқа да мамандықтар бар, талаптанған адамға білуге тура келеді, стимул болады", - деді Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев тіл білудің халықтарды қалай жақындастыратыны жайлы да әңгімеледі. 

"Барлық этникалық топтың мемлекеттік тілді білуі жақындастырады, солай ма? Лондонға немесе Вашингтонға барасың, ағылшын тілінде сөйлей бастайсың, адамдарға жақындай түсесің ғой, солай ма? Ал орыс тілін білмей Мәскеуде қалай жұмыс істейсің? Мүмкін емес қой, солай ма? Германияға келесің, тіл білмесең ше? АҚШ - мигранттар елі, ол жаққа түрлі елден адамдар барады. Оларды ағылшын тілі біріктіреді, осы мәселе тұрғысында айтып отырмын. Бұл қара бастың қамын күйттейтін мақсат емес. Бұл - еліміздің көпұлтты халқының бірлігін құру", - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары