$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет сағатында депутаттар Бердібек Сапарбаевты мақтады

Бүгін үкімет сағатында мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмысына оң баға берді деп жазады NUR.KZ.

Үкімет сағатында шенді-шекпенділерді үнемі сынға алатын депуттар бүгін, облыс әкімдерінің бірін мақтап, оны «халықтың қамын ойлайтын әкім» деді.

Владимир Божконың пікірінше, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлгіндей «атаққа» әбден лайық екен.

– Бекетаевтың айтысына қарағанда, тек Ақтөбе облысында ғана сот медицина сараптамасы ғимаратының құрылысына ақша бөлініп, әкімдік аталған мәселені жақсы түсініп отыр екен. Жалпы, Бердібек Мәшбекұлы үнемі халықтың қамын ойлап жүреді. Өзге өңірлер де Ақтөбе облысынан қалмай, бұл мәселені тездетіп шешулері тиіс, — деп пікір білдірді мәжіліс төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін үкімет сағатында мәжілісмендер сот сараптамасы қызметі мәселелерін көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары