$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев пен Трамптың кездесуінде талқыланатын мәселелер белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтардың 16-күні Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жазады Азаттық.

Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайды. Назарбаев пен Трамп бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз етеді.

Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттіктері екі ел президенті Ресеймен қарым-қатынас, Сириядағы соғыс және сауда мәселелерін талқылайтынын хабарлады.

Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының сарапшысы Санат Көшкімбаевтың айтуынша, "АҚШ –  Қазақстанның ірі сауда-экономикалық, инвестициялық әріптесі".

"Саяси тұрғыдан Қазақстан АҚШ-пен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін қозғау және шешу бойынша ынтымақтасып келеді. Атап айтқанда, Ауғанстан мәселесі келіссөздердің ең маңыздысы болады. Бұдан басқа Сирия мәселесі де бар. Ресеймен қарым-қатынастар АҚШ-тың еуразиялық стратегиясы аясында талқыланады. Әрине ядролық қаруға қарсы жайт тұрақты назарда болады. Өйткені, АҚШ әкімшілігі Қазақстанның ядролық қаруын таратпау саласындағы көшбасшылығын үнемі жоғары бағалап келеді. Оның үстіне Корея түбегіндегі оқиғалар келіссөздерде ядролық қару мәселесінің өзектілігін арттыра түседі" деді Санат Көшкінбаев Қазинформ ақпарат агенттігіне.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары