$ 447.4  477.55  4.76

Америкалық дәрігерлер Трамптың психикалық жағдайын тексеруді талап етті

Америкалық дәрігерлер АҚШ президентінің дәрігері Ронни Джексоннан Трамптың денсаулығын тексеруін талап етті. Бұл туралы CNN мәлімдеді.

Джексон әріптестерінен ашық хат алды. Хатта мемлекет басшысының психикалық жағдайын тексеру керектігі жазылған. Америкалық дәрігерлер Трамптың міңгірлеп сөйлеп, сөздерді қайталап, сөздік қорының жетпей қалуына алаңдаушылық білдірген.

АҚШ президенті Трамптың жасы 71-де. Бұл тестті кез келген адамға жасауға болады, әсіресе 66 жастан асқандарға.

Дәрігерлер президенттің неврологиялық тексеруден өтуін басты назарға қойды. Олар президенттің ақыл-есінің дұрыстығы мен ақпаратты қабылдау қабілетін тексеруін талап етті.

Айта кетейік, 9 қаңтарда Атланттағы футбол чемионаты кезінде Трамп әнұран сөздерін дұрыс айтпай тұрғаны байқалған еді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары