$ 444.32  473.33  4.76

Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға келді

Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары 18 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл күні ел президенті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысуы тиіс.

Қос елдің басшылары сейсенбі күні кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық байланыс, аймақтағы қауіпсіздік және стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары