$ 494.87  520.65  4.91

Орал қаласы әкімінің орынбасары «бал айын» Голливудта өткізген

БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары өңірдегі шенеуніктердің әлеуметтік желілердегі парақшаларына мониторинг жүргізді. Тексеру нәтижесінде 48 мемқызметкердің этикалық кодекске сай келмейтін суреттері анықталып, олар жауапқа тартылған деп жазады BNews.kz.

Осы мәселе бойынша брифинг өткізген департамент басшысы Болат Исақовқа журналистердің бірі Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев туралы сұрақ қойды. Тілшінің айтуынша, жуырда ғана үйленген орынбасар «бал айын» Лос-Анджелес қаласында (АҚШ) өткізген екен.

«Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің әйелі Нұрбигүл Егізова әлеуметтік желідегі өз парақшасына күйеуімен бірге Голливудта саяхаттап жүрген суреттерін жүктеді. Бірақ, кейін ол суреттерді қайта алып тастады. Осыған қатысты не айтар едіңіз?», - деп сұрады департамент басшысынан «Уральская неделя» басылымының тілшісі.

Болат Исақов бойынша бұл жайтты бұрын естімегенін айтты.

«Біз мемлекеттік қызметкерлердің өз аккаунттарын ғана бақылап отырамыз. Бірақ, олардың әйелдерінің немесе күйеулерінің парақшаларына кіріп, тексеру жүргізе алмаймыз. Сіз айтып отырған жайтты алғаш естуім. Бірақ, міндетті түрде бұл жайтқа қатысты тексеру жүргізіледі», - деді Исақов өз жауабында.

Еске салайық, Орал қаласы әкімінің орынбасары мен танымал актриса Нұрбигүл Егізова өткен жылдың аяғында отау құрған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары