$ 448.15  483.46  4.86

Шымкент әкімі «шалақазақша» сөйлеймін деп жұрт алдында масқара болды (ВИДЕО)

Шымкенттің әкімдері бірінен бірі өтеді. Қаланы бұған дейін басқарған Ғабидолла Әбдірахымов қоластындағы қызметкерлерінің бәрін мәжбүрлеп автобусқа отырғызса, жақында тағайындалған Нұрлан Сауранбаев бүгін «шалақазақша» сөйлеймін деп, жұрттың алдында масқара болды.

Еске салайық, бүгін Шымкенттегі әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов 2017 жылды қорытындылап, тұрғындар алдында есеп берген болатын. Бауыржан Ахметәліұлы баяндаманы мемлекеттік тілде жасады. Әйтсе де, 100 пайыз мемлекеттік тілде жасалған бұл баяндамаға жергілікті бір тұрғын наразылық танытты деп жазады rgmedia.kz.

– Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан 2 тілде сөйлейді. Әкімдік мемлекеттік мекеме болып табылады. Құрметті аудан әкімі, сіз Конституцияның бір бабын бұздыңыз, — деген тұрғын жиында ҚР ресми тіл — орыс тілінің «жетімсіреп» қалғанына көңілі толмады. Бұл «сынға» Бауыржан Ахметәліұлы жауап бермеді. Тек, жиын мәресіне жақындағанда қала әкімі Нұрлан Сауранбаев аталған сынға пікір білдірді:

(Қала әкімінің сөзі қаз-қалпында берілді)

– Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношений доступность информации и Конституционная права они должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балный система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать.

Әкімнің бұл сөздеріне «шалақазақша» деуден өзге теңеу таппадық. Бәлкім «шалаорысша» шығар. Әйтеуір шала...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары