$ 494.87  520.65  4.91

Дариға Назарбаева: «Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ, маған осы тіл ыңғайлы»

Сенат депутаты, ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева өзінің депутаттық сауалын не үшін орыс тілінде жолдағанын түсіндірді деп жазады Tengrinews.kz.

"Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ, маған осы тіл ыңғайлы болғандықтан сауалымды да осы тілде жолдадым. Біз бәріміз Президенттің тапсырмасын орындауға тырысып жатамыз. Бірақ, орыс тіліне әлі ешкім тыйым салған жоқ және салмайды да. Біз өзге адамдарды да сыйлауымыз қажет, сондықтан тіл мәселесіне келгенде асыра сілтеуге жол бермеу керек. Ұлтаралық келісім деген бар, оған әлі ешкім тыйым салған жоқ", - деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, сенатордың депутаттық сауалы Ұлттық банк төрағасы Данияр Аұышевтің атына жолданып, Сенаттың алқа отырысында оқылған еді.

Еске салайық, 26 ақпан күні Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевты қабылдаған Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент өз жұмысын қазақ тілінде жүргізуі керек деп мәлімдеген болатын. Іле-шала алдымен Үкімет, артынша Парламент өз отырысын тек қазақ тілінде жүргізіп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары