$ 443.85  474.3  4.8

ҚР қаржы вице-министрі тағайындалды

Руслан Еңсебаев ҚР қаржы вице-министрі тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы – Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 2001 жылы «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ да басшылық қызметтер атқарған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары