15 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін болды. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысын 15 маусымда өткізу туралы өкім шығарған.
Айта кету керек, Қазақстанда парламент палаталарының бірлескен отырысы әдетте парламент каникулға кетерде немесе жаңа сессия қарсаңында өткізіледі.