$ 498.34  519.72  4.85

Сағынтаев министрлерге: «Президент алдында өздерің жауап бересіңдер»

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге халық пен Президент алдындағы жауапкершілікті ұмытпауды естеріне салды.

"5 айдың қорытындысы бойынша бізде ауылшаруашылық пен өндіріс саласында өсімнің бар екені байқалады. Бізді тек құрылыс саласы ұстап тұр. Сондықтан, Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі Бақыт Сұлтанов), 6 айдың қорытындысында тапсырманы орындай алмаған салалар бөлінген қаржыны кері қайтарады", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, қайтарылған қаражат ауыл шаруашылығын дамытуға және экономиканы несиелеуге жұмсалады.

"Шамамен 100 млрд теңгедей ақша экономикаға жұмыс істемей тұр. Біз оларды кері қайтарып алып, қажетті салаларға жұмсайтын боламыз. Әкімдер өз салалары бойынша жауапты. Экономика өсуі тиіс. Есеп берген кезде бәрі керемет дейміз. Бірақ, бұл есептеріңіз ұмытылып кетпеуі керек. Енді жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қаражатты игере алмағандар оны кері қайтарып береді, басқа салаларға жұмсаймыз, осы соңғы сөзім. Ертең халық пен Мемлекет басшысының алдында өздеріңіз жауап бересіздер", - деді Сағынтаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары