$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы мемқызметкерлер Жолдаудың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау мен қызметтік әдеп нормаларын жақсарту мақсатында қаланың мемлекеттік қызметкерлерімен көшпелі кездесулер өткізді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының аясында бірқатар мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ: Мемлекеттік кірістер, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттері, Түрксіб ауданы әкімі аппараты, Ауыл шаруашылығы және ветеринария, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Туризм және сыртқы қатынастар басқармалары.

Жолдауды жүзеге асырудың аясында Департамент денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін нығайту, оның ішінде Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік кепілдіктер беру жөніндегі міндеттердің бірін жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдайтынын атап өтті

Бүгінде Алматы қаласының мемлекеттік қызметкерлері «СОВМИН» емханасына тіркеліп, медициналық көмектер алуда.

Елбасының Жолдауында мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін түбегейлі арттырудың маңызды бағыттарының бірі белгіленді. Мемлекеттік қызметшілердің төменгі жалақысы сапалы мемлекеттік аппараттың қалыптасуына әсер етеді.

Департаменттің өкілі 4 мемлекеттік органның пилоттық режимде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілгендігі туралы әңгімеледі.

Баяндамашылар мемлекеттік қызметтерді көрсетудің өзекті мәселелерін көтерді, атап айтқанда, электронды форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес-үдерістерін оңтайландыру мәселелері.

Сонымен қатар кездесулерде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Департаменттің негізгі басымдығы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.Х.Ахетов өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша қызметтік әдеп деңгейін көтеру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары