$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Қазақстан Президенті Сеул қаласына келді. Сапар аясында ел Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізу көзделген. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және «Енсей» университетіне барады.

Ал, оған дейін Мемлекет басшысы Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, бір минут үнсіздікпен боздақтар рухына тағзым етті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары