$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО әкімі ауылшаруашылық саласындағыларға жұмысты жаңа бағытта істеуді тапсырды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде мал шаруашылығын, мәдениет саласын, туризмді дамыту мәселелері мен перспективаларын, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жайы мен коммуналдық меншіктің сақталуы және пайдалануын бақылау сынды 5 мәселе қаралды.

Жиында жоғарыда аталған бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мал шаруашылығы бойынша соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыңға артып 865 мың басты құрағанын, қой-ешкі 155 мыңнан 3 млн. 893 мыңға өскенін, ал жылқы 16 мыңға артып 230 мыңға жеткенін айтты.

Сонымен қатар, ол мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Мәселен, ет өндіру  111,4%-ға, сүт өндіру – 104,8 %-ға, жұмыртқа өндіру – 112,1 %-ға, жүн өндіру 110,1 %-ға артқан.

Дегенмен, облыста мал саны мен өнімдері артқанымен келесі аудандарда төмен көрсеткіш байқалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен ІҚМ саны Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында, уақ мал Бәйдібек, Ордабасы, Созақ, Төлеби аудандарында, жылқы Бәйдібек, Түлкібас аудандарында, түйе Бәйдібек, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында, құс саны Бәйдібек, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарында кеміген.

Осы жайттарды ескерген облыс әкімі жалпы мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі шаралар азайғанына тоқталды.

«Осы бағыттағы ең басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Табиғаты қолайлы өңір бола тұра, біз 25 жылда ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Бізде шығарылатын өнімдер бәсекеге кабілеті төмен, сондықтан басқа облыстарды былай қойғанда, біздің тұтынушылар шет елдің өнімдерін сатып алуға мәжбүр»,-деді Ж.Түймебаев.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытудың басты мәселесі - бұл ветеринариялық қауіпсіздік екенін айтқан әкім бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмей отырғандығына тоқталды.

Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда адамды кене шағу фактісі  40,4 пайызға өскен.  Бұл залалсыздандыру жұмыстарының  уақытылы жүрмеуінен болып отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары