Халықаралық сарапшылар Украинаның шығысында малайзиялық Boeing ұшағы апатынан қаза болған 176 адамды таныды, деп хабарлайды РИА Новости.
Қаза болғандардың 43 мәйіті отбасыларына тапсырылды.
Еске сала кетсек, 17 шілдеде Амстердам - Куала-Лумпур бағытында ұшқан малайзиялық Boeing 777 Украина аумағындағы апатқа ұшыраған болатын Қолдағы мәліметтерге қарағанда апат салдарынан борттағы барлық 298 адам түгел қазаға ұшыраған.