$ 449.58  486.94  4.86

Малайзияға Boeing ұшағы апатынан қаза тапқан 9 адамның мәйіті жеткізілді

Украина аумағында апатқа ұшыраған Boeing-777 ұшағында болған 9 адамның мәйіті Амстердамнан Куала-Лумпурға жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған байланысты Малайзия астанасының әуежайында азалы жиын өтіп, құрбандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Бұл апатта қаза тапқандардың мүрделерін әкелген үшінші ұшақ. Әуе кемесі бортында болған 43 малайзиялықтың 32-і анықталып, мәйіті отанына жеткізілді.

Еске сала кетсек, Амстердам (Нидерланды) - Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары