Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында төрешілік қызмет атқарған Равшан Ирматовты Өзбекстанда ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Uzreport.uz ақпарат агенттігінің жазуынша, ФИФА рефериі Равшан Ирматов пен оның ассистенті Абдухамидулло Расулов 16 шілде күні ұшақпен Ташкентке жетті. Келе салысымен оларды Ташкент халықаралық әуежайынан елдің футбол қауымдастықтары мен Өзбекстан футбол федерациясының өкілдері және БАҚ құралдары болып қарсы алған.
Айта кетсек, Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Равшан Ирматовтың бригадасы Швейцария Эквадор (1 тур), АҚШ Германия (3 тур), Мексика Хорватия (3 тур) және Голландия Коста-Рика (ширек финал) матчтарына төрелік еткен.
Ал, 2010 жылғы Африкада өткен чемпионатта ол барлығы 5 ойынға төрешілік жасаған болатын. Осылайша өзбек қазысы футболдан әлем чемпионаттарында 9 ойынға төрешілік етіп, рекорд жаңартып отыр. Бұған дейін француз Жоэль Кинью (Франция), уругвайлық Хорхе Ларрионда және мексикалық Бенито Арчундилер әлем чемпионаттарында (әрқайсысы 8 ойыннан) ең көп төрешілік еткендер болып келіп еді.