Дүниежүзілік банк Эбола безгегімен күресуші Батыс Африкадағы үш мемлекетке шұғыл жәрдем ретінде 200 млн. доллар бөледі, деп хабарлайды bnews.kz.
Бұл қаражат Либерия, Сьерра-Леоне мен Гвинея елдеріне денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртып, дерттің салдарынан туындаған экономикалық күрделі жағдайды қалпына келтіруге көмектесуі тиіс.
ДБ президенті аталмыш дерттің онсыз да медициналық жәрбем беру жүйесі әлсіз елдерде мұндай нәубетке айналып кетуіне күйініш білдірді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, Эбола құрбандарының саны бұл елдерде 887 адамға жеткен.
Аса қауіпті дерт Гвинеяда анықталып, соңынан Либерия мен Сьерра-Леоне елдеріне тарала бастады. БҰҰ мәліметтері бойынша, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында безгектің осы түрінен 61 адам көз жұмған.