$ 494.87  520.65  4.91

Жүрекке күрделі операция тұңғыш рет аудандық деңгейде жасалды

Көп функционалды қондырғының арқасында Қазалыдағы емдеу нысаны Арал, Қармақшы аудандарымен қатар, Байқоңыр қаласының тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсетеді.

Қызылорда облысы Қазалы ауданаралық ауруханасында тұңғыш рет жүрекке күрделі операция жасалды. Жергілікті дәрігерлер жаңа ангиограф аппаратымен жағдайы ауыр 10 науқасқа емдік шара жүргізді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл заманауи құрылғы республика бойынша аудандық деңгейде алғаш орнатылып отыр. Көп функционалды қондырғының арқасында Қазалыдағы емдеу нысаны Арал, Қармақшы аудандарымен қатар, Байқоңыр қаласының тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсетеді. 

Ангиограф аппараты арқылы инфракттің алдын алуға, бітелген жүрек тамырларын ашуға, стенд қою арқылы жүрек соғысын қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылған құрылғының тілін меңгеру үшін мамандар ұлттық хирургия ғылыми орталығында біліктіліктерін арттырып қайтқан. Қазалылық дәрігерлер жыл соңына дейін жүрек артериясына стенд қоюға арналған елу операция жасауды жоспарлап отыр.

«Болашақта бас ми қан-тамырларының, яғни инсульт кезінде тамырлардың бітелуі, жарылуы, сонымен қатар бауыр, жатыр, бүйрек ісіктері, жатыр миомасы, қант диабеті кезіндегі науқастардың аяқ тамыры бітелуін ашуға, ампутацияға кетпей, оны сақтау операцияларын жасауға болады», – дейді эндоваскулярлы хирургия бөлімінің дәрігері Кенесары Баспаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары