$ 494.87  520.65  4.91

Балаға беретін ұнтақ ботқасынан пайдалы дәрумендердің жоғы анықталды

Ал диетолог Марина Макшина фитин қышқылы ағзаның магний, цинк және темірді сіңіруін қиындататынын айтты.

Дәрігерлер ұнтақ ботқасының құрамында адам ағзасына пайдалы заттар жоқ екенін айтты, деп жазады Sputniknews.kz.

Гастроэнтеролог Анжелика Шакированың айтуынша, ұнтақ жармасы тез дайындалады және асқазанда тез қорытылады.

"Ұнтақ ботқасының құрамында тек желімтек қана бар. Алайда, онда дәрумен жоқ. Сүт және қант, сары май қосылған ұнтақ ботқасы "нағыз калориясы мол бомба" сияқты", - деді дәрігер НТВ телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Анжелика Шакирова ұнтақ ботқасының құрамында фитин қышқылы бар екенін атап өтіп, ол ағзадан кальцийді шығаруға ықпал етенінін жеткізді.

Ал диетолог Марина Макшина фитин қышқылы ағзаның магний, цинк және темірді сіңіруін қиындататынын айтты. Салдарынан адам кариес және остеопорозға шалдығуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары