Денсаулық 09.01.2020 сағат 10:20

Қытайда өршіген пневмонияның себебі анықталды

Сарапшылар анықталған ауру түрлеріне клиникалық және эпидемиологиялық зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.
Қытайда өршіген пневмонияның себебі анықталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қытайдың Ухань қаласында белгісіз вирустық пневмонияның өршуіне коронавирустың жаңа түрі себеп болды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары вирусты зертханалық зерттеу жүргізген мамандар тобына сілтеме жасап хабарлады.

«7 қаңтар күні сағат 21: 00-де зертханалық зерттеулердің бірінде коронавирустың жаңа түрі анықталды, сынақ барысында нуклеин қышқылының әдісі бойынша жасалған сынамадан аурудың 15 түрі расталды», - делінген хабарламада.

Сарапшылар анықталған ауру түрлеріне клиникалық және эпидемиологиялық зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы желтоқсан айының соңында Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабар тараған болатын. 5 қаңтардағы жағдай бойынша қалада вирустық пневмонияның 59 жағдайы анықталды, жеті адамның жағдайы ауыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар