Асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алатын 7 тағам түрі белдігі болды, де хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы диетололг маман Елена Соломатина "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында айтты.
Маманның айтуынша, пайдалы өнім адам ағзасына оңтайлы есер етіп қоймай, қуатты антиоксиданттар көптеген қауіпті аурудың алдын алады екен.
Сонымен, асқазан-ішек жолдарына ауруларынң алдын алатын тағамдарға тоқталсақ:
1. Зімбір - аман зімбірді тамырымен не құрғақ күйінде, ұнтақталған және қант қосылған күйінде қолдану пайдалы екенін айтты. Өсімдіктіктің бұл түрі ертеден көптеген ауруды емдеуге қолданылып келген.
2. Гүлшетен - оның иісі тәбетті ашып, ас қорытуды жақсартады. Гүлшетенді көбіне тәбеті жоғалып кеткен және бірден көп салмақ тастаған адамдарға берген дұрыс. Сонымен қатар, өсімдіктің бұл түрін қара шайға қосып ішуге болады. Бұл асқазанды тыныштандырады.
3. Куркума - антиоксидантты және қабынуға қарсы қасиеттері бар, сондықтан ол қатерлі ісік ауруынан қорғай алады.
4.Чили ащы қызыл бұрышы - ауырсынуды жеңілдетеді. Бірақ оны мұқият пайдалану керек. Бұрыш теріге жанғаннан кейін күйіп қалуы мүмкін. Ас қорыту процесін қалыпты етеді.
5. Сарымсақ - асқазан, тоқ ішек, өңеш, ұйқы безі және сүт бездерінің қатерлі ісігі қаупін азайтады. Сарымсақ бактериялық инфекцияларды басатын қасиетке ие.
6. Жалбыз бұрышы - іш қатуға, қысылуға және диареяға көмектеседі. Сондай-ақ, ол тітіркенген ішек пен тамақ улануының белгілерін жеңе алады. Бұл іш бұлшықеттерін босаңсытады және өт ағынын қалыпқа келтіреді.
7.Түймедақ - тыныш ұйқы сыйлап, ұйқыны жақсартады,ауыз қуысының жарасын алдын-алу, емдеу үшін аузын салқын түймедақ сорпасымен шаю ұсынылады. Ромашка шайы асқазанның қысылуын жеңілдетеді, бұлшықет кернеуін жұмсартады және ішектің тегіс бұлшықеттерін босаңсытады.