Қазақстанда коронавирус жұқтырудың оныншы жағдайы тіркелді. Індет жұқтырған адам – 1986 жылы туған. Ол 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Еуразия 1 арнасында тікелей эфир кезінде мәлімдеді.
Күні кеше ғана ол елімізде коронавирус жұқтырғандар саны Алматыға Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қызбен 9 адамға жеткенін хабарлаған болатын.