$ 494.87  520.65  4.91

100 млн теңге: Halyk Bank коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге ақшалай қолдау көрсетті

Өз кезегінде банк барлық қазақстандықтарды және отандық компанияларды бұл бастамаға қосылып, қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қол ұшын беруге шақырды.
фото: 7kun.kz
фото: 7kun.kz

Halyk Bank қатерлі індетпен тікелей күресіп жатқан отандық медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдауға 100 миллион теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Банк Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауда тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерінің жанкешті еңбектерінің маңыздылығын ескере отырып, қаржылық көмек беруді жөн көріп отыр.

Өз кезегінде банк барлық қазақстандықтарды және отандық компанияларды бұл бастамаға қосылып, қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қол ұшын беруге шақырады» деп жазылған хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда Halyk Bank кеңесшісі де коронавирус жұқтырған болып шықты

Медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдау мақсатында Halyk Bank қосымша арнайы шот ашқан. Осылайша, коронавирустық індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлер Halyk Bank-тен 100 миллион теңге және арнайы ашылған шоттағы қаражатты алатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары