$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?

Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы коронавирусқа байланысты көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді.  

Коронавирустың белгілері қандай?

Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ, көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін:

Түшкіру;

Әлсіздік;

Бас ауруы

Дене қызуының көтерілуі;

Тамақтың жыбырлауы;

Кеуде қуысының ауыруы;

Жүрек қағысының жиілеуі;

Тыныс алудың жиілеуі;

Коронавирус қалай таралады?

COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен таралады:

Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы;

Тұрмыстық заттар арқылы;

Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?

Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн. Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз. Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.

Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?

Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін.

Коронавирус жұққан-жұқпағанын анықтайтын анализдерді қай жерде тапсыруға болады?

COVID-19 вирусын төмендегі орындар арқылы тапсыруға болады:

Ұлттық сараптама орталығы;

Орталық республикалық зертхана;

Қалалық клиникалық инфекциялық аурухана;

Қандай жағдайда коронавируске тест тапсыруға болады?

Ең алдымен, эпидемиологиялық ахуал қиындаған және вирус таралған елдерден келген азаматтар, сондай-ақ, клиникалық белгілер анықталған және коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болғандар тест тапсырады. Басқа жағдайларда анализ тапсырудың қажеті жоқ.

Инфекция жұқтырған адаммен байланыста болғандар не істеуі керек?

Вирус жұқтырған адаммен қандай да бір байланыс болған жағдайда 1406 бірыңғай байланыс нөміріне, емханаға немесе жұқпалы аурулар ауруханасына хабарласу қажет.

Дереккөз: Qamshy.kz.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус